Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясын шақыру туралы

Аудандық мәслихаттың кезекті  сессиясын шақыру туралы

Бәйтерек ауданы тұрғындарының назарына!

Аудандық мәслихаттың кезекті 22 сессиясы Facebook әлеуметтік желісінде онлайн көрсетілім өтеді.

Басталуы: 2025 жылғы 29 мамырда сағат 11 : 00-де.

 

 

Бәйтерек ауданы  мәслихаты  төрағасының  шешімі

 

 

Переметный ауылы                           №22               2025 жылғы  19  мамыр

  

Аудандық мәслихаттың кезекті

сессиясын шақыру туралы                                      

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 - бабына  сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

Бәйтерек ауданы мәслихатының   кезекті   22-ші сессиясы  2025  жылдың 29 мамырда  аудан әкімдігінің мәжіліс залында  сағат 11:00-ге  шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне ұсынылатын  мәселелер:

  1. Аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  2. Ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  3. Білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдени және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қызметі  туралы.
  4. Басқа да мәселелер.

  

           Мәслихат төрағасы                                     Н.Хайруллин