2025 жылғы 15 мамырда аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Комиссия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Е. У. Туксамбаев, ауылдық округ әкімдері және бөлім басшылары қатысты.
Тұрақты комиссияның бірлескен отырысын аудандық мәслихат төрағасы Н. Хайруллин өткізді.
"2024 жылғы аудан және ауылдық округтер бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы" мәселелерді қарады. Аудан әкімінің орынбасары Е. У. Туксамбаев баяндама жасады.
Барлық мәселелер қаралып, аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге жіберілді.