Бүгін, 2025 жылғы 8 мамыр күні Бәйтерек ауданы мәслихатының төрағасы Нұрлыбек Қажымұратұлы Хайруллин Переметный ауылында тұратын тыл ардагері 94 жастағы Алексей Алексеевич Мироновтың үйіне барып, хал жағдайын сұрады. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтің атынан келген "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл мерекелік" медалін табыстап, өзінің атынан құттықтап, сый-сияпат көрсетті және Бәйтерек ауданының әкімі М.Л.Тоқжановтың құттықтауын жеткізді.