
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті 21 сессиясы өтті. Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Л.Ж.Уалиев, аудандық бөлімдер мен мекемелердің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Н. Хайруллин өткізді.
Күн тәртібінде аудан және 22 ауылдық округ бюджетіне өзгерістер енгізу туралы, Достық, Переметное ауылдық округтерінің әкімдері өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді, және басқа да мәселелер.
Барлық 30 мәселе аудандық мәслихаттың кезекті 21 сессиясында қаралып, бекітілді.
Сессия отырысы Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді https://www.facebook.com/100031841144880/videos/1612838083442902