Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Комиссия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары қатысты.

Тұрақты комиссияның бірлескен отырысын аудандық мәслихат төрағасы Н. Хайруллин өткізді.

         Күн тәртібінде:

  1. Бәйтерек ауданы мәслихатының отыз үшінші кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы.
  2. Бәйтерек ауданы мәслихатының «Бәйтерек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 8-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы:  Багдат Бибетович Халденов - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

  1. Бәйтерек ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы  № 25-2 «Бәйтерек ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер   енгізу  туралы.

Баяндамашы:  Шолпан Салыковна Утегалиева – аудандық мәслихат аппаратының бас маманы.

  1. Бәйтерек ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы   № 11-3 «Учаскелік сайлау комиссияларының  құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер   енгізу  туралы.

Баяндамашы:  Шолпан Салыковна Утегалиева – аудандық мәслихат аппаратының бас маманы.

Барлық мәселелер қаралып, аудандық мәслихаттың кезектен тыс 33 сессиясын бекітуге жіберілді. 

Сондай-ақ, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.А. Сейтмулдинаны "2025 жылғы аудан және ауылдық округтер бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы" тыңдады.