Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясын шақыру туралы

Аудандық мәслихаттың кезектен  тыс сессиясын шақыру туралы

Бәйтерек ауданы тұрғындарының назарына!

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 32 сессиясы Facebook әлеуметтік желісінде онлайн көрсетілім өтеді.

Басталуы: 2026 жылғы 17 наурыз сағат 11 : 00-де.

 

 

 

Бәйтерек ауданы  мәслихаты  төрағасының  шешімі

 

 

Переметный ауылы                           №32                   2026 жылғы 13 наурыз

  

Аудандық мәслихаттың кезектен

тыс сессиясын шақыру туралы                               

 Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 - бабына   сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

Бәйтерек ауданы мәслихатының   кезектен тыс  32-ші сессиясы  2026  жылғы 17 наурызда  аудан әкімдігінің мәжіліс залында  сағат 11:00-ге  шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне ұсынылатын  мәселе:

  1. Бәйтерек ауданы мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №29-31 «2026-2030 жылдарға арналған Бәйтерек ауданының даму жоспары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

 

            Мәслихат төрағасы                                     Н.Хайруллин