
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс 30 сессиясы өтті. Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі М.Л. Токжанов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдер мен мекемелердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Н. Хайруллин өткізді.
Сессияда Бәйтерек ауданы бойынша 2026-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілді.
Бәйтерек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 мамырдағы №14-5 «Бәйтерек ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне және комиссия құрамына өзгерістер енгізілді.
Сессия отырысы Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді Facebook https://www.facebook.com/100031841144880/videos/1652208699488393