Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Комиссия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары қатысты.

Тұрақты комиссияның бірлескен отырысын аудандық мәслихат төрағасы Н. Хайруллин өткізді.

         Күн тәртібінде:

  1. Бәйтерек ауданы мәслихатының отызыншы кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы.
  2. Бәйтерек ауданы бойынша 2026-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы.

Баяндамашы: Александр Сергеевич Полежаев - аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.

  1. Бәйтерек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 мамырдағы №14-5     «Бәйтерек ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы:  Багдат Бибетович Халденов - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

  1. Бәйтерек ауданы мәслихатының 2024 жылғы 5 наурыздағы «Бәйтерек ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» №12-26 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  Баяндамашы: Болатбек Аманжолович  Ахметжанов - аудан әкімі аппаратының басшысы.

  1. Бәйтерек ауданы мәслихатының 2021 жылғы 11 маусымдағы №6-8 «Бәйтерек ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссия құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Болатбек Аманжолович  Ахметжанов - аудан әкімі аппаратының басшысы    .

  1. Бәйтерек ауданы мәслихатының 2021 жылғы 11 маусымдағы №6-6 «Бәйтерек ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық – құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық–кеңесші органның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгері стер енгізу туралы.

Баяндамашы: Болатбек Аманжолович  Ахметжанов - аудан әкімі аппаратының басшысы

  1. Бәйтерек ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 тамыздағы      №16-5 шешіміне «Бәйтерек ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың  істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы.

 Баяндамашы: Болатбек Аманжолович  Ахметжанов - аудан әкімі аппаратының басшысы.

  1. Бәйтерек ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы.

 Баяндамашы: Болатбек Аманжолович  Ахметжанов - аудан әкімі аппаратының басшысы.

Барлық мәселелер қаралып, аудандық мәслихаттың кезектен тыс 30 сессиясын бекітуге жолданды.