Аудандық мәслихаттың кезекті 29 сессиясы

Аудандық мәслихаттың кезекті 29 сессиясы

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті 29 сессиясы өтті. Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдер мен мекемелердің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Н. Хайруллин өткізді.

Сессияда аудан мен ауылдық округтердің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті және Бәйтерек ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары бекітілді.

Мәслихат төрағасының атқарылған жұмыс және бюджет, экономика және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның қызметі туралы есептері және басқа да мәселелер тыңдалды.

Сессия барысында жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарды бекіту туралы мәселе енгізілді, осы мәселе бойынша аудандық мәслихаттың кезекті 29 сессиясы ашық қалдырылды.

Сессия отырысы Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді Facebook

https://www.facebook.com/100031841144880/videos/1393269388848104