Бәйтерек ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы Бәйтерек ауданы мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Бәйтерек ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы  Бәйтерек ауданы мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес Бәйтерек ауданы мәслихаты Бәйтерек ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы хабарлайды.

Саяси партиялар немесе басқа да қоғамдық бірлестіктердің және қалыптастырылып жатқан комиссияға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиясының ұсыныстары аудандық мәслихат 2025 жылдың 17 қараша               3 желтоқсан мерзімінде сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, жұмыс уақытында мына мекенжай бойынша қабылданады: Переметный ауылы, Гагарин көшесі, 139, №4 кабинет.

Құжаттарды тіркеу және қабылдауға жауапты аудандық мәслихат аппаратының басшысы Т.К.Тулепкалиев, байланыс телефоны 87113022633.

Учаскелік сайлау комиссияларының құрамында мынадай бос орындар бар:

- №164 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында - 2 бос орын.

Орналасқан жері: Мичурин ауылы.

- №172 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында - 1 бос орын.

Орналасқан жері: Ақсу ауылы.

- №173 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында - 1 бос орын.

Орналасқан жері: Өркен ауылы.

- №176 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында - 1 бос орын.

Орналасқан жері: Жаңатаң ауылы.

- №177 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында - 1 бос орын.

Орналасқан жері: Янайкин ауылы.

- №183 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында - 1 бос орын.

Орналасқан жері: Красноармейск ауылы.

- №207 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында - 3 бос орын.

Орналасқан жері: Асан ауылы.

- №208 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында - 1 бос орын.

Орналасқан жері: Жамбыл ауылы.

- №210 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында - 1 бос орын.

Орналасқан жері: Октябрьск ауылы.

- №211 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында - 1 бос орын.

Орналасқан жері: Махамбет ауылы.

- №213 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында - 1 бос орын.

Орналасқан жері: Горбунов ауылы.

            Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылдың 17 қараша 3 желтоқсан мерзімінде мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

            2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.      

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.   

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

 

      Аппарат басшысы                                                 Т.Тулепкалиев