Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті 26 сессиясы өтті. Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі М.Л. Токжанов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдер мен мекемелердің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Н. Хайруллин өткізді.
Аудан әкімі М. Л. Токжанов өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді.
Сондай-ақ, Байқоңыс, Зеленов және Раздольный ауылдық округтерінің әкімдері өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді.
Ауылды дамыту және аграрлық саясат, экология, табиғатты пайдалану және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы А.Б. Асанов комиссияның қызметі туралы баяндады.
Сессия отырысы Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді Facebook
https://www.facebook.com/100031841144880/videos/24314921078207939