Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Комиссия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Е. Туксамбаев және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Тұрақты комиссияның бірлескен отырысын аудандық мәслихат төрағасы Н. Хайруллин өткізді.
Күн тәртібінде:
Баяндамашы: Ерлан Умирзакович Туксамбаев – аудан әкімінің орынбасары.
Баяндамашы: Алмаз Тулегенович Куниров – Байқоныс ауылдық округінің әкімі.
Баяндамашы: Изгалий Сапаргалиевич Давлетов – Зеленый ауылдық округінің әкімі.
Баяндамашы: Алмагүл Акболатовна Байрамова – Раздольный ауылдық округінің әкімінің уақытша міндетін атқарушы.
Баяндамашы: Аскар Бибытович Асанов – комиссия төрағасы.
Баяндамашы: Тлекбай Кажмуратович Тулепкалиев – аудандық мәслихат аппаратының басшысы.
Барлық мәселелер қаралып, аудандық мәслихаттың кезекті 26 сессиясына бекітуге жолданды.
Сондай-ақ, ауылды дамыту және аграрлық саясат, экология, табиғатты пайдалану және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы С.Хайрушевтің "Бәйтерек ауданында жылу маусымына дайындық туралы" ақпаратын тыңдады.
Аудандық мәслихаттың кезекті 26 сессиясы Facebook әлеуметтік желісінде онлайн көрсетілім өтеді.
Басталуы: 2025 жылғы 24 қыркүйек сағат 11 : 00-де.