Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясын шақыру туралы

Аудандық мәслихаттың кезекті  сессиясын шақыру туралы

Бәйтерек ауданы тұрғындарының назарына!

Аудандық мәслихаттың кезекті 26 сессиясы Facebook әлеуметтік желісінде онлайн көрсетілім өтеді.

Басталуы: 2025 жылғы 24 қыркүйек  сағат 11 : 00-де.

 

  

Бәйтерек ауданы  мәслихаты  төрағасының  шешімі

  

Переметный ауылы                           №26               2025 жылғы 12  қыркүйек

  

Аудандық мәслихаттың кезекті

сессиясын шақыру туралы                                      

 Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 - бабына  сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

Бәйтерек ауданы мәслихатының   кезекті   26-ші сессиясы  2025  жылдың 24 қыркүйекте  аудан әкімдігінің мәжіліс залында  сағат 11:00-ге  шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне ұсынылатын  мәселелер:

  1. Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
  2. Байқоныс ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
  3. Зеленый ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
  4. Раздольный ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
  5. Ауылды дамыту және аграрлық саясат, экология, табиғатты пайдалану және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қызметі  туралы.
  6. Басқа да мәселелер.

 

            Мәслихат төрағасы                                     Н.Хайруллин