Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы

2025 жылғы 6 тамызда аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Комиссия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары  мен бөлім басшылары қатысты.

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысын аудандық мәслихат төрағасы Н. Хайруллин өткізді.

Күн тәртібінде:

  1. Бәйтерек ауданы мәслихатының жиырма үшінші кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы.
  2. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Дариян ауылдық округінің Дариян ауылының шекараларын (шегін) белгілеу туралы.

Баяндамашы: Александр Сергеевич Полежаев - аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.

  1. Бәйтерек ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы  № 25-2 «Бәйтерек ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер   енгізу  туралы.

    Баяндамашы:  Тлекбай Кажмуратович Тулепкалиев – аудандық мәслихат аппаратының басшысы.     

  1. Бәйтерек ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы  № 11-3 «Учаскелік сайлау комиссияларының  құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер   енгізу  туралы.

    Баяндамашы:  Тлекбай Кажмуратович Тулепкалиев – аудандық мәслихат аппаратының басшысы.     

Қосымша талқылау қажет етілуіне байланысты, депутаттардың көпшілік дауысымен сессия күн тәртібінен алынып тасталған " Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Дарьян ауылдық округінің  Дарьян ауылының шекараларын (шегін) белгілеу туралы" мәселеден басқа барлық мәселелер қаралып, аудандық мәслихаттың кезектен тыс 23 сессиясына бекітуге жіберілді.