Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Дамыған мемлекеттің негізгі қозғаушы тетігі – жоспарлы саясаты мен нақты қадамдарын жүзеге асырушы мемлекеттік қызметкер болып табылады. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты іс. Мемлекеттік қызметші - іскерлік дағды қалыптастырған еліміздің ең маңызды идеяларының бастаушысы.
Бүгінгі кәсіби мерекеде Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Бәйтерек ауданы мәслихатының төрағасы Н.Хайруллин