Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті 22 сессиясы өтті. Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі М.Л. Токжанов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдер мен мекемелердің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Н. Хайруллин өткізді.
Күн тәртібінде білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдени және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қызметі туралы, 2024 жылғы аудан және ауылдық округтер бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы және басқа да мәселелер.
Барлық 30 мәселе аудандық мәслихаттың кезекті 22 сессиясында қаралып, бекітілді.
Сессия отырысы Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді https://www.facebook.com/100031841144880/videos/690665437026381