Байғанин аудандық мәслихатының тұрақты комиссия отырысы өтті
2025 жылдың 22 мамыр күні Байғанин аудандық мәслихатының тұрақты комиссия отырысы өтті. Отырысты тұрақты комиссия төрағасы Нурлан Ахтанұлы жүргізді.
Күн тәртібінде 7 ауылдық округтің бюджетіне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Депутаттар аталған мәселелер бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, нақты ұсыныстар жасады. Бюджеттік өзгерістер ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, ұсыныстар мәслихаттың келесі сессиясына жолданды