Коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың НАЗАРЫНА!
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 8 бабына сәйкес қоғамдық кеңестер құру жөніндегі жұмысшы тобының мүшелерін қалыптастыру үшін конкурс жариялайды.
Осыған орай, коммерциялық емес ұйымдар мен 18 жасқа толған және Бәйдібек ауданы аумағында тұратын азаматтар 2025 жылғы 29 қаңтарды қоса алғандағы мерзім ішінде конкурсқа қатысу үшін келесідей құжаттарды ұсынуға болады:
1) осы Үлгілік ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;
2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Кандидаттар туралы ұсыныстар ағымдағы жылдың 29 қаңтарын қоса алғандағы мерзім ішінде аудандық мәслихатқа мына мекенжайға ұсынылу керек:
Шаян ауылы, Бәйдібек би көшесі, 51 үй.
Байланыс телефоны: 2-16-61
Бәйдібек аудандық мәслихаты.
|
|
|
Қоғамдық кеңес туралы Нысан |
|
Кімге _____________________ _____________________ |
Қоғамдық кеңестің құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мен осы өтініш арқылы "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ________________________________________________________
2) ________________________________________________________
3) ________________________________________________________
4) ________________________________________________________
5) ________________________________________________________
6) ________________________________________________________
7) ________________________________________________________
20___ жылғы "____" Өтініш берушінің қолы ___________