Сегізінші шақырылымдағы Бәйдібек аудандық мәслихатының кезектен тыс он жетінші сессиясын шақыру туралы

Сегізінші шақырылымдағы Бәйдібек  аудандық  мәслихатының  кезектен тыс   он жетінші сессиясын шақыру туралы

Бәйдібек аудандық мәслихат депутаттарының назарына

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес Бәйдібек аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс  он жетінші сессиясы 2024 жылғы 6 мамыр күні сағат 11-00 де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін жеткіземін.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі  2024 жылғы 6 мамыр күні сағат 09-00 де аудандық мәслихаттың мәжіліс залында өтеді.

 

 

         Сессияның қарауына келесі  мәселе  ұсынылады:

 

  1. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «2024 – 2026 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» №12/56 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

 

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.