ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, Бәйдібек аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша 13 сайлау округін және 13 округтік сайлау комиссиясын құру туралы шешім қабылдады.

Әрбір округтік сайлау комиссиясының құрамы 5 мүшеден тұрады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының  10-бабының 3-тармағына сәйкес, округтік сайлау комиссияларының құрамдарын саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде аудандық мәслихат қалыптастырады.

Осыған байланысты, саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар күтеміз.

 

Бәйдібек аудандық мәслихат аппараты