Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті жиырма алтыншы сессиясы өтті

Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті жиырма алтыншы сессиясы өтті

Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті жиырма алтыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, бөлім мен мекеме басшылары, қоғамдық ұйым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия жұмысын аудандық мәслихат хатшысы Кенехан Асқар ашып, жүргізіп отырды. Аудандық мәслихаттың кезекті жиырма алтыншы сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер қаралды:
1. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №12/75 «2022-2024 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. «2023-2025 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы».
Баяндамашы: Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тұрымбекова Мейрамкүл Елбосынқызы
3. Аудандық мәслихат хатшысының 2022 жылдың қорытындысы бойынша және мәслихат қызметін үйлестіру жөніндегі есебі туралы.
Баяндамашы: Аудандық мәслихат хатшысы Кенехан Асқар Оразханұлы
4. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2022 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы.
Баяндамашылар: Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары Спабеков Сылқымбек Әбдіханұлы, Құрманәлиева Несіп Мамытбекқызы
5. Бірқатар сайлау комиссияларының құрамына мүшелер сайлау туралы.
Хабарламашы: Бәйдібек ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қырықбаев Марат Есіркепұлы
6. Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органының құрамын бекіту туралы.
7. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу туралы.
Баяндамашы: Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Сабиров Нұржан Тұрарұлы
8. Аудандық мәслихаттың 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
9. Аудандық мәслихаттың және оның аппаратының 2023 жылғы қызметін қамтамасыз ету шығындарының сметасы туралы.
Хабарламашы: Аудандық мәслихат аппаратының басшысы Иманбекова Замира Оязбекқызы
Күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары Т.Дүйсенбеков, С.Спабеков, С.Шалхарұлы сұрақтарын қойып, бірқатар ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Аудандық мәслихат аппараты.