
Балқаш аудандық мәслихат аппаратының басшысы Несіпбаев Береке Ұзақбайұлының төрағалық етуімен аппарат қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда «Сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру мақсатында іс-шара «дөңгелек үстел» өтті.
Іс-шара барысында Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыру және «сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру мәселесі талқыланды. Аппарат басшысы қызметкерлердің кәсіби әдепті сақтауы, заң талаптарын қатаң ұстануы және қоғам сеніміне кері әсер ететін әрекеттерден аулақ болуы қажеттігін, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.
Дөңгелек үстел аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын және Әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелері қаралды. Қызметтік әдепті сақтау, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру жөнінде пікірлер айтылды. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары түсіндіріліп, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен қызметтік тәртіпті нығайту бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.