
Жасанды интеллект мемлекеттік басқару жүйесіне белсенді түрде еніп келеді! Осы бағытта ауданымыздың депутаттары заманауи технологияларды меңгеріп, кәсіби біліктіліктерін арттыруда.
🏛️ 13-15 мамыр аралығында Мемлекеттік басқару академиясында мәслихат депутаттарына арналған ЖИ құралдарын қолдану бойынша 3 күндік практикалық семинар сәтті өтті. Оқу тренингіне ауданымыздың депутаттары да қатысып, цифрлық дағдыларын шыңдады.