
"AMANAT" партиясы, аудандық мәслихат депутаты Алимбаева Жайдары 17 сәуір күні №4 сайлау округінен Б.Бейсекбаев атындағы мектеп гимназиясында сайлаушылармен кездесу өткізді.
Ашық форматта өткен жиында ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен алдағы даму бағыттары кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында ауылды,мектепті дамытуға бағытталған бірқатар маңызды жобалар туралы айтылды.Ауыл тұрғындары мен білім саласы қызметкерлері өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын белсенді түрде жеткізді.
Кездесу қорытындысында тұрғындар тарапынан айтылған барлық ұсыныс-пікірлер назарға алынатынын атап өттім. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, олар жоғары тұрған органдарға депутаттық сауал ретінде жіберіледі. Әрбір ұсыныс нақты шешім табуы үшін жүйелі жұмыс жүргіземіз. Алдағы уақытта да осындай кездесулер жалғасын табады.