Аудандық мәслихаттың кезекті LXIX–сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезекті LXIX–сессиясы өтті

          Аудан әкімдігінің мәжіліс залында мәслихат төрағасы Бақтияр Ақбаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті LXІX сессиясы өтті.
          Сессияға аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауылдық округ әкімдері мен аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.
          Онда күн тәртібі мен регламенті бірауыздан бекітілген соң, «Аудан әкімінің өзінің функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі» бойынша аудан әкімінің міндетін атқарушы Қуаныш Бүркітәлиев баяндама жасады. Аудандық мәслихаттың «Білім, тілді дамыту, мәдениет, ұлттық және азаматтық келісім, жастар ісі, спорт мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы комиссия төрағасы Гүлбахрам Ермекова баяндады. Бұдан соң «Байзақ аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Алтынай Сембиева баяндады.
         Аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссия отырысында сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелер алдын ала талқыланғандықтан, жиналыс барысында депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылмады.
         Жиын соңында аталған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданған соң, аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес кезекті сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер таныстырылды.