
Сессияға аудан әкімі аппаратының басшысы А.Құрманов, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Көшербаев, ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты. Сессияны аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев ашып, жүргізіп отырды. Сессияда «Байзақ аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық , жаңадан құрылған учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру және босаған орындарға сайлау өткізу туралы» Байзақ ауданы бойынша сайлау комиссияларының құрамындағы босаған орындарға сайлау өткізу үшін уақытша комиссияның төрағасы, депутат Елнұрбек Ермеков баяндама жасады. Баяндамада айтылғандай аумақтық сайлау комиссиясынан 2, учаскелік сайлау комиссияларынан 11 мүшесінен өздерінің атқарып жүрген қызметтерінен өз өтініштері бойынша босату және жаңадан құрылған №529 учаскелік сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы ұсыныс түскен. Аудандық мәслихаттың ре сми сайтына 2026 жылғы 29 мамыр күні құрамында бос орындар бар сайлау комиссияларының нөмірлері мен орналасқан жері және оларға саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныс берулеріне мүмкіндігі бар екендігі туралы хабарландыру жарияланып, 2026 жылдың 12 маусымына дейін ұсыныстар қабылданған. Конкурс негізінде саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар босаған орындарға өздерінің кандидаттарын ұсынған. Ұсынылған кандидаттардың құжаттары толық қаралып, талапқа сай болды.