
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында мәслихат төрағасы Бақтияр Ақбаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс LХІ сессиясы өтті.
Сессияға аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Онда күн тәртібі мен регламенті бірауыздан бекітілген соң, Байзақ аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарындағы босаған орындарға сайлау өткізу туралы баяндама жасалды.
Аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссия отырысында сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселе алдын ала талқыланғандықтан, жиналыс барысында депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылмады.
Жиын соңында аталған мәселе бойынша тиісті шешім қабылданған соң, аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес кезекті сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер таныстырылды.