Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХLVII сессиясы өткізілді

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХLVII сессиясы өткізілді

МӘСЛИХАТ ТЫНЫСЫ:
Әкімдіктің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХLVII – сессиясы өткізіліп, оның күн тәртібіне «2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Байзақ аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №40 – 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе шығарылды.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаевтың төрағалығымен өткен сессияға аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев, мәслихат аппараты мен депутаттар, аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібі мен регламенті бекітілген соң, күн тәртібіне шығарылған мәселеге байланысты аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков хабарлама жасады.
Сессияның күн тәртібіндегі мәселе алдын ала аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында жан-жақты талқыланғандықтан қосымша сұрақтар қойылмады.
Жиын соңында аталған мәселеге қатысты тиісті шешім қабылданған соң, аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес кезекті сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер таныстырылды.