
Байзақ аудандық мәслихаттың кезектен тыс LХІІI – сессиясы 2026 жылғы 18 мамыр күні сағат 11:00-де мәжіліс залында шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне:
1) «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №57-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2) «Байзақ ауданы әкімдігі жанындағы аудандық терроризмге қарсы комиссияның құрамы туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 наурыздағы №42-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3) Байзақ аудандық жер комиссиясын құру туралы.
4) Аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны құру туралы мәселелер енгізілсін.