
Байзақ аудандық мәслихаттың кезектен тыс LIХ – сессиясы 2026 жылғы 26 қаңтар күні сағат 11:00 -де мәжіліс залында шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне:
1. «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №57-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің, мемлекеттік сорт сынау учаскесі мен станциясының әрқайсысы бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің түрлері бойынша тұқымның сапасына зерттеулер жүргізу, санын айқындау жөніндегі ведомствоаралық қомиссияның құрамын бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 желтоқсандағы №59-11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. «Байзақ ауданы әкімдігі жанындағы аудандық терроризмге қарсы комиссияның құрамы туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 наурыздағы №42-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. Байзақ ауданы әкімдігінің дербес құрамын бекіту туралы.
5. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның құрамы туралы.
6. «Байзақ аудандық жер комиссиясын құру туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 маусымдағы №45-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер енгізілсін.