Ағымдағы жылдың 29 сәуір күні аудандық мәслихаттың “Өңірлік және салалық даму”, “Әлеуметтік және мәдени даму” жөніндегі бірлескен тұрақты комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысына аудандық мәслихат төрағасы Берік Дүйсенғалиұлы, аудандық мәслихат депутаттары және мекеме басшылары қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде аудан бойынша төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында алдын алу шаралары туралы және жер заңнамасының сақталуын, жерді қорғау және пайдалану талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет туралы мекеме басшыларының баяндамалары тыңдалды. Депутаттар баяндамашыларға сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алынды.
Депутаттар күн тәртібіндегі барлық мәселелерді тыңдап, талқылап тиісті қаулы қабылдады.