Әйтеке би аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз үшінші сессиясын шақыру туралы

Әйтеке би аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз үшінші сессиясын шақыру туралы

Әйтеке би аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз үшінші сессиясын шақыру туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына және 19 бабына сәйкес, ӨКІМ ЕТЕМІН:

Әйтеке  би аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз үшінші сессиясы 2025 жылдың сәуір айының 29-на  сағат 11-00–ге шақырылсын.

Сессияның  күн  тәртібіне  мынадай  мәселелер  енгізілсін:

1. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 маусымдағы № 225 «Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Баяндамашы: аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы - Ш.Жусупов.

2. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №291«Әйтеке би ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы - Ш.Жусупов

3. Басқа да мәселелер.

        

Әйтеке би аудандық

мәслихаттың  төрағасы:                                               Б.Д.Сейлханов