Аудандық мәслихаттың кезекті XXXII сессия отырысы өтті

Аудандық мәслихаттың кезекті XXXII сессия отырысы өтті

2025 жылдың 31 наурыз күні Сейлханов Берік Дүйсенғалиұлының төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезекті 32 сессия отырысы өтті.

Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары Меңдіғара Қанат Сырымбайұлы, мәслихат депутаттары, мекеме басшылары және БАҚ-ның өкілі қатысты.

Сессия отырысының күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:

1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес аудандық білім беру бөлімінде атқарылып жатқан жұмыстары  туралы;

2. Аудандық коммуналдық меншікке жүргізілген түгендеу жұмыстарының жәй-күйі туралы мәселелер қаралып, тыңдалды.

Аудандық мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылап, баяндамашыларға сұрақтарын қойып, сессия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.