Құрметті Әйтеке би ауданының тұрғындары! Қадірменді ағайын!
Сіздерді күллі мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті де ұлық мереке - Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын!
Құрбан айт - ағайынның ауызбіршілігін арттыра түсетін, мұсылман қауымын имандылыққа ұйытып, барша адамды қанағат пен тәубеге шақыратын ұлық мейрам. Айт күні адамдар құрбан шалумен ғана емес, сауапты, ізгі, қайырлы амалдарымен Жаратушының рақымына жақындай түседі.
Осынау айтулы күндерде әрбір адам игі істер жасауға, жақындарына қамқорлық көрсетуге, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады.
Алланың разылығы, ел-жұрттың амандығы үшін құрбан шалынып, мейірім мен кешірімге үндейтін Құрбан айт мейрамы баршаңыздың отбасыларыңызға ырысы мен берекесін ала келсін!
Құрбан айт мейрамында тілеген тілектеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын.
Әрбір отбасына амандық, мықты денсаулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін!
Құрбан айт құтты болсын!
Ізгі тілекпен Әйтеке би аудандық мәслихаттың төрағасы Б.Сейлханов