Аудандық мәслихаттың кезекті XLVIII сессия отырысы

Аудандық мәслихаттың кезекті XLVIII сессия отырысы

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ 48-СЕССИЯСЫ ӨТТІ

⚜️ Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Сейлханов Берік Дүйсенғалиұлының төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті 48-сессия отырысы өтті.

🔹 Сессия отырысына аудан әкімі Д.Қ.Тоғызбаев, мәслихат депутаттары және мекеме басшылары қатысты.

🖋️ Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және 2025 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп, Ақтөбе облысы тексеру комиссиясының 2025 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуын бақылау қорытындылары, ауылдық округтердің 2025 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы есептері, сондай-ақ аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №444 «2026–2028 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері қаралып, тыңдалды.

🔷 Сессия барысында депутаттар баяндамашыларға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Сонымен қатар көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды.

✅ Мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз ұстанымдарын білдіріп, қабылданатын шешімдердің аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және өңірдің тұрақты дамуына ықпал етуінің маңыздылығын атап өтті.

📌 Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

#мәслихатсессиясы
#мәслихатдепутаттары
#Әйтекебиауданы