Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы

⚜️ Бүгін аудандық мәслихаттың «Экономика және бюджет» жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

🔹 Комиссия отырысына аудандық мәслихат төрағасы Берік Дүйсенғалиұлы Сейлханов, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.

🔹 Комиссия отырысының күн тәртібінде ауылдық округтердің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есептері тыңдалды.

♻️ Ауылдық округ әкімдері 2025 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы баяндама жасады. Баяндамалар бойынша айтылған ұсыныстар мен пікірлер жан-жақты талқыланды. Депутаттар өз ой-пікірлерін білдіріп, нақты ұсыныстарын ортаға салды.

✅ Комиссия отырысының қорытындысы бойынша қаралған мәселе аудандық мәслихаттың кезекті 48-сессиясының қарауына енгізу үшін ұсынылды.