Құрметті Әйтеке би ауданының тұрғындары!

Құрметті Әйтеке би ауданының тұрғындары!

Сіздерді 15 мамыр – Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Отбасы – әрбір адамның өміріндегі ең қымбат құндылық, мейірім мен сүйіспеншіліктің, бірлік пен татулықтың алтын ұясы. Қоғамның берекесі мен елдің болашағы да ең алдымен отбасының берік болуына байланысты. Ұрпақ тәрбиесі, ұлттық құндылықтардың сақталуы, ізгі дәстүрдің жалғасуы – бәрі де отбасынан бастау алады.

Ауданымыздағы әрбір шаңырақта шаттық пен жылулық орнасын, отбасыларыңыз аман, дендеріңіз сау, бірліктеріңіз бекем болсын! Балалардың күлкісі үзілмей, ата-ананың абыройы асқақтай берсін!

Баршаңызға бақ-береке, қуаныш пен молшылық тілеймін!
Отбасыларыңыз әрдайым бақыт пен шаттыққа толы болсын!

Ізгі тілекпен,
Аудандық мәслихат төрағасы Берік Сейлханов