Аудандық мәслихаттың кезекті 47 сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезекті 47 сессиясы өтті

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ 47-СЕССИЯСЫ ӨТТІ

⚜️ Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Сейлханов Берік Дүйсенғалиұлының төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті 47-сессия отырысы өтті.

🔹 Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары Қ. Меңдіғара, мәслихат депутаттары, аудандық мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

🖋️ Күн тәртібінде аудандық көпсалалы колледж директоры М.С. Жиенқожаевтың, полиция бөлімі бастығының орынбасары Н.Ж. Еркешовтің, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Н. Нагиметовтің, сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Қ. Меңдіғараның атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды.

🔷 Сессия барысында депутаттар баяндамашыларға сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алып, көтерілген мәселелер бойынша жан-жақты талқылау жүргізді.

✅ Мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, өзекті мәселелер жөнінде пікірлерін білдірді. Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

#мәслихатсессиясы
#мәслихатдепутаттары