Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы

Аудандық мәслихаттың “Экономика және бюджет” жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысына аудандық мәслихат төрағасы Сейлханов Берік Дүйсенғалиұлы, аудандық мәслихат депутаттары және аудандық мекеме басшылары қатысты.

Комиссия отырысының күн тәртібінде «2026–2028 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық, бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.

Аталған мәселе бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.Шуиншина және мекеме басшылары баяндама жасады. Баяндама бойынша айтылған ұсыныстар мен пікірлер жан-жақты талқыланды. Депутаттар өз ой-пікірлерін білдіріп, нақты ұсыныстарын ортаға салды.

Комиссия қорытындысы бойынша қаралған мәселе аудандық мәслихаттың кезектен тыс XLV сессия отырысының қарауына бекіту үшін ұсынылды.