
⚜️Әйтеке би аудандық мәслихатының ұйымдастыруымен Республикалық “Senat Open 2026” шахмат турнирінің аудандық кезеңі жоғары деңгейде өтті.
♟️Зияткерлік спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде Әйтеке би аудандық мәслихатының төрағасы Б. Сейлханов сөз сөйлеп, турнирді ашты. Шахмат ойынының логикалық ойлау қабілетін арттырудағы, жастарды тәрбиелеудегі маңызына тоқталып, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.
⚜️Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Ермағамбетов
шахматтың логикалық ойлауды дамытудағы, стратегиялық шешім қабылдауға үйретудегі және зияткерлік әлеуетті арттырудағы маңызына кеңінен тоқталып, бұл ойынның шыдамдылыққа, тәртіпке және терең талдауға баулитынын атап өтті.
♟️Турнирге жалпы саны 50 адамнан тұратын шахмат ойыншылары қатысты. Атап айтқанда, Ақкөл, Аралтоғай, Ақтасты, Әйке, Белқопа, Еңбекту, Құмқұдық, Қарабұтақ, Қыналы, Жамбыл, Талдысай ауылдарынан, сондай-ақ М.Жұмабаев, Комсомол, Қ.Шаңғытбаев, Толыбай, Т.Г. Шевченко, Саз мектептерінен және ардагерлер құрамасы қатысып, тартысты да мазмұнды ойын өрнегін көрсетті. Сонымен қатар, турнирге шахматтан спорт ардагері З.Ергабылов, аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Р.Смағұлова және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, жарыстың жоғары деңгейде өтуіне куә болды.
🔹Жалпы жарыс 7 турдан тұрды. Әр партияда қатысушылардың логикалық ойлау қабілеті, төзімділігі мен шеберлігі сынға түсіп, ойындар аса жоғары деңгейде өтті. Тартысты бәсекенің нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, жүлделі орындар иеленді.
Атап айтқанда:
🥇орын – Қарабұтақ ауылының командасы,
🥈орын – Ақтасты ауылының командасы,
🥉орын – Әйке ауылының командасы.
🎼🎤 Турнир аясында мәдени бағдарлама да ұйымдастырылып, өнерпаздар әсем әндерін шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
🟢 Шара соңында аудандық мәслихат төрағасы Б.Сейлханов қорытынды сөз сөйлеп, жеңімпаз командаларды 🏆жүлделі орындарымен құттықтап, барлық қатысушыларға алғысын білдірді. Сондай-ақ турнирдің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосып, командалардың басын қосып ұйымдастырған Альберт Балымбетұлына, Комсомол жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Дина Әлиқызына, мектеп ұжымына және Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Анар Көлмырзақызына шынайы ризашылығын білдіріп, арнайы алғыс хаттар табыстады.
#SenatOpen2026
#Шахматойыны
#Шахматшылар