Учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелер сайлау туралы Әйтеке би аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелер сайлау туралы Әйтеке би аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелер сайлау туралы Әйтеке би аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихаты,  учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелер сайланатындығы туралы хабарлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2026 жылғы 19 қаңтардан 6 ақпанға дейін аудандық мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) учаскелік сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партия, өзге де қоғамдық бірлестік органы, олардың құрылымдық бөлімшелері отырысының хаттамасынан үзінді көшірме;

2) саяси партияны, өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) аудандық мәслихатқа кандидаттың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші (өтініш нысанын мәслихаттан алуға болады).

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы,мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 6 ақпанға  дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Аудандық мәслихаттан құжаттарды қабылдау бойынша жауапты тұлға  З.Касымкулова. Мәслихаттың орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Темірбек Жүргенов ауылы, Темірбек Жүргенов к-сі  62, Әйтеке би аудандық мәслихаты, байланыс телефондар: 8-713-39-21-7-15,  8-777-751-28-03  e-mail: aytekebi.maslikhat@mail.ru

 

Учаскелік сайлау комиссиясының нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Бос орындар саны

№ 127 учаскелік сайлау комиссиясы

Әйтекеби ауданы  Теренсай ауылы

        1

№ 128 учаскелік сайлау комиссиясы

Әйтекеби ауданы Әйке ауылы

        1

№ 138 учаскелік сайлау комиссиясы

Әйтекеби ауданы   Темірбек Жүргенов ауылы

        1

№ 147 учаскелік сайлау комиссиясы

Әйтекеби ауданы  Қарабұтақ ауылы

        2

Барлығы

        5