
Әйтеке би аудандық мәслихаттың кезекті қырық үшінші сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына және 19-бабына сәйкес, ӨКІМ ЕТЕМІН:
Әйтеке би аудандық мәслихаттың кезекті қырық үшінші сессиясы 2025 жылдың желтоқсан айының 19-на сағат 11-00–ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:
1. 2026-2028 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджетін бекіту туралы.
Баяндамашы: Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.Шуиншина.
2. Басқа да мәселелер.
Әйтеке би аудандық мәслихатының төрағасы: Б.Д. Сейлханов