Аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXIX cессия отырысы

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXIX cессия отырысы

        Ағымдағы жылдың 3 қараша күні аудандық мәслихат төрағасы Сейлханов Берік Дүйсенғалиұлының төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXIX сессия отырысы өтті.
​        Сессия отырысына аудан әкімі Тоғызбаев Дәулетияр Қанатұлы, мәслихат депутаттары және аудандық мекеме басшылары қатысты.​
​        Күн тәртібінде «2025-2027 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және т.б. мәселелер қаралып тыңдалды.
        ​Депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты талқылап, мекеме басшыларына сұрақтарын қойды. Қойылған сұрақтарға мекеме басшылары тарапынан тиісті жауаптар беріліп, талқыланған мәселелер бойынша түсініктемелер айтылды.
​        Мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамаларды талдап, өзекті сұрақтар бойынша пікірлерін білдірді. Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, алдағы міндеттер айқындалды.