Аудандық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссия отырысы

Аудандық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссия отырысы

Ағымдағы жылдың 3 қараша күні аудандық мәслихаттың “Экономика және бюджет” жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысына аудандық мәслихат төрағасы Берік Дүйсенғалиұлы, аудандық мәслихат депутаттары және аудандық мекеме басшылары қатысты.

Комиссия отырысының күн тәртібінде «2025–2027 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.

Аталған мәселе бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.Шуиншина баяндама жасады. Баяндама бойынша айтылған ұсыныстар мен пікірлер жан-жақты талқыланды. Комиссия мүшелері өз ой-пікірлерін білдіріп, нақты ұсыныстарын ортаға салды.

Комиссия қорытындысы бойынша қаралған мәселе аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXIX сессиясының қарауына бекіту үшін ұсынылды.