
Әйтеке би аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына және 19-бабына сәйкес, ӨКІМ ЕТЕМІН:
Әйтеке би аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы 2025 жылдың 03 қарашасы күні сағат 15:00-ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:
1. Аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 291 «2025- 2027 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Баяндамашы: Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы - А.Шуиншина.
2. Әйтеке би ауданында оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы.
Баяндамашы: Әйтеке би ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы – Н.Берсугиров.
3. «ҚАЖсервис» ЖШС Ақтөбе облыстық филиалының атқарылып жатырған және алдағы жасалатын жұмыс жоспары туралы
Баяндамашы: «ҚАЖсервис» ЖШС Ақтөбе облыстық филиалының жол пайдалану бөлімі-12 бастығы А.С.Байшотанов.
4. Басқа мәселелер.
Әйтеке би аудандық
мәслихатының төрағасы: Б.Д.Сейлханов