Аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXVIII сессия отырысы өтті

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXVIII сессия отырысы өтті
 Бүгін, аудандық мәслихат төрағасы Сейлханов Берік Дүйсенғалиұлының төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXVIII сессия отырысы өтті.
 
Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары Д.Убайдуллин, мәслихат депутаттары, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
 
Сессия отырысының күн тәртібінде «2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралып тыңдалды.
 
Аудандық мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылап, баяндамашыларға сұрақтарын қойып, сессия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.