МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҰСТАЗДАР КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҰСТАЗДАР КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті ұстаздар қауымы!

Сіздерді Ұстаздар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – саналы ғұмырын жас ұрпаққа арнап, елдің болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүрген барша ұстаздарға деген ерекше құрметтің күні.

Ұстаз – әрбір шәкірттің жүрегіне жарық нұр себетін, өмірлік жолына бағыт-бағдар беретін, ақылшы да қамқор жан. Ұстаздың алдынан талай тұлға түлеп ұшты, талай арман орындалып, талай үміт ақталды. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында ел ертеңі болатын жас ұрпақ білімді, тәрбиелі, отаншыл азамат болып өсіп келеді.

Бүгінгі қоғамдағы жетістіктеріміздің, еліміздің өсіп-өркендеуінің бастауы – ұстаздар берген сапалы білім мен тәрбие. Сондықтан да, ұстаз еңбегін өлшеусіз байлықпен, асыл қазынамен теңеуге әбден болады.

Құрметті ұстаздар!
Сіздердің еңбектеріңізге әрдайым құрметпен қарау – біздің басты парызымыз. Ұрпаққа өнеге болған сіздердің жүректеріңіз әрдайым мейірімге толы, көздеріңіз үміт пен сенімге толы болсын.

Осы мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға амандық пен құт-береке тілеймін! Еңбектеріңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің биік белестерді бағындырғанына куә бола беріңіздер!

Ұстаздар күні құтты болсын!

Құрметпен,
Аудандық мәслихаттың төрағасы:                           Б.Сейлханов