Бүгін, аудандық мәслихат төрағасы Сейлханов Берік Дүйсенғалиұлының төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезекті XXXVII сессия отырысы өтті.
Сессия отырысына аудан әкімі Тоғызбаев Дәулетияр Қанатұлы, мәслихат депутаттары және мекеме басшылары қатысты.
Сессия отырысының күн тәртібінде «2025-2027 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және т.б. мәселелер қаралып тыңдалды.
Аудандық мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылап, баяндамашыларға сұрақтарын қойып, сессия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылдады.