Әйтеке би аудандық мәслихатының кезекті отыз төртінші сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына және 19-бабына сәйкес, ӨКІМ ЕТЕМІН:
Әйтеке би аудандық мәслихаттың кезекті отыз төртінші сессиясы 2025 жылдың маусым айының 30-на сағат 11:00-ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:
1. Ауданның әлеуметтік – экономикалық даму болжамында қабылданған, салық – бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және 2024 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп.
Баяндамашы: Аудандық қаржы бөлімінің басшысы - С.Орынбеков.
2. Ақтөбе облысы тексеру комиссиясының 2024 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуын бақылау қорытындылары туралы.
3. «ҚАЖсервис» ЖШС Ақтөбе облыстық филиалының атқарылып жатырған және алдағы жасалатын жұмыс жоспары туралы.
Баяндамашы: «ҚАЖсервис» ЖШС Ақтөбе облыстық филиалының Жол пайдалану бөлімі-12 бастығы А.С. Байшотанов.
4. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың жағдайы туралы.
Баяндамашы: Әйтеке би аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы К.М. Абишев.
5. Басқа да мәселелер.
Әйтеке би аудандық
мәслихатының төрағасы: Б.Д.Сейлханов