Жеңістің 80 жылдығына орай
Жеңіс Күні қарсаңында Әулиекөл аудандық мәслихатының төрағасы Д.Қойшыбаев тыл еңбеккерлеріне барып, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады. Соғыс жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін, жалпы Жеңіс ісіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың атынан "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" мерейтойлық медальдары табысталды.